$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Қазақстанда бірнеше әуежай қатар салынып жатыр: Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады

Фото: freedom
Фото: freedom

Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистика саласын дамыту және елдің Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту бағытындағы міндеттерге тоқталды. Бұл туралы Президент өз Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президенттің айтуынша, қазір елімізде бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай тәжірибе Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған.

«Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі позициясын нығайту үшін бірқатар маңызды міндетті орындау қажеттігін атап өтті. Соның ішінде көлік саласын, оның ішінде халықаралық бағыттарды толық цифрландыруға басымдық берілді.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүкқұжаттар арқылы басқарудың тиімсіз екенін айтып, көлік саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0