$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

«Үш күнде 80 мың доллар»: Екі баласымен тапсырыс тасыған анаға халық көмектесті (ВИДЕО)

Бұл туралы Threads желісінде жарияланған жазбада айтылды.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қырғызстанда екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырған Ажар есімді әйелдің оқиғасы әлеуметтік желі қолданушыларын бейжай қалдырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отбасын асырау үшін кешкі уақытта және демалыс күндері электрциклмен тапсырыс жеткізетін әйел кішкентай балаларын да өзімен бірге алып жүруге мәжбүр. Бұл туралы Threads желісінде жарияланған жазбада айтылды.

Ажар жалдамалы пәтерде тұрады. Екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ана жұмысқа шыққанда оларды қалдыратын ешкімі болмағандықтан, бірге алып жүреді. Желіде тараған мәліметке сәйкес, балалардың бірі жол үстінде шаршап ұйықтап кетсе, екіншісі суықта тоңып отырған.

Әйелдің жағдайы туралы жазба Threads желісінде жарияланғаннан кейін, мыңдаған адам оның тағдырына алаңдаушылық білдірді. Ажар өзі ешкімнен көмек сұрамағанымен, желі қолданушылары оның отбасына қолдау көрсету жолдарын іздей бастаған.

Қырғызстанда әйелге көмек ретінде қаражат жинау ұйымдастырылды. Нәтижесінде небәрі үш күннің ішінде оның есепшотына шамамен 6 миллион сом түскен. Бұл 80 мың АҚШ долларына жуық қаражат.

Ажар өзіне көрсетілген қолдауға таңғалғанын айтып, отбасының жағдайына бейжай қарамай, көмек қолын созған жандарға алғысын білдірді.

Бұл оқиға әлеуметтік желідегі бір жазбаның өзі көпшілікті ортақ іске жұмылдырып, бір отбасының өмірін өзгертуге ықпал ете алатынын көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0