$ 455.63 € 507.89 ₽ 5.65

Шымкенттік бапкер матч кезінде қызды ұрып жіберген: тергеу басталды (ВИДЕО)

Қазір волейбол командасының бапкері Х.М. ұсталды. 

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Павлодарда өтіп жатқан жекеменшік әйелдер командалары арасындағы волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде шымкенттік бапкер қызды ұрып жіберген. Өңірлік Полиция департаменті өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиға 26 қазанда болған. Видеода бапкер өз командасының 9-нөмірлі ойыншысын алаң жиегіне шақырып алып, басынан ұрғаны көрінеді.

Бұған дейін Павлодардағы турнирге 2012-2013 жылдары туған қыздар қатысып жатқаны хабарланған болатын.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Шымкенттен келген жекеменшік волейбол командасының бапкері Х.М. ұсталған.

"Бапкер волейбол командасының кәмелетке толмаған қатысушысына күш қолдануына қатысты соталды тергеу басталды. Оқиғаға қатысушылар анықталып, Павлодар қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД өкілдері.

Бапкердің әрекетіне еліміздің заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетіні айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0