$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Болжамға сәйкес, мына өңірлерде күн күрт суытып, үсік жүреді деп күтіледі. 

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, алдағы сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ жекелеген аудандарда жауын-шашын, суық болатыны да болжанады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, мына өңірлерде күн күрт суытып, үсік жүреді деп күтіледі, ауа температурасы: -1...-8°С:

  • Жетісу облысында,
  • Жамбыл облысында,
  • Алматы облысында,
  • Түркістан ооблысының батысында,
  • Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең ауқымды антициклон ықпалында болып, оған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұман жатқызылады, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел екпін алып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктеріндегі аудандарында;
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының шығысында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0