$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.6

Шымкенттік жаттырушы матч кезінде жасөспірім қызды ұрып жіберген (ВИДЕО)

Оқиғадан кейін маман екі жылға жарыстардан шеттетілді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодар қаласында өтіп жатқан волейболдан жеке клубтар арасындағы Қазақстан біріншілігінде Шымкент волейбол академиясының жаттықтырушысы өз шәкіртін басынан ұрған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғадан кейін маман екі жылға жарыстардан шеттетілді.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, оқиға 2026 жылғы 26 қазанда болған. Кадрларда жаттықтырушы өз командасының №9 нөмірлі либеросын алаң шетіне шақырып, кейін оның басынан ұрғаны көрінеді.

Айта кетейік, турнирге 2012-2013 жылдары туған қыздар қатысып жатыр.

Қазақстанның ұлттық волейбол федерациясы оқиғаны растап, жаттықтырушы Хамит Мырзабековке қатысты тәртіптік шара қоладынылғанын мәлімдеді.

Федерацияның тәртіптік комитеті мынадай шешім қабылдаған:

  • Хамит Мырзабеков екі жылға дисквалификацияланды. Осы мерзімде ол жаттықтырушылық және педагогикалық қызметпен айналыса алмайды, сондай-ақ федерацияның қамқорлығымен өтетін жарыстарға ешқандай рөлде қатыса алмайды.
  • Біріншілікті ұйымдастырушыға жарыс тәртібін тиісті деңгейде бақыламағаны үшін сөгіс жарияланып, айыппұл салынды.
  • Шымкент волейбол академиясына сөгіс берілді.

Сонымен қатар федерация зардап шеккен спортшы мен оның отбасына қолдау көрсетіп жатқанын хабарлады. Алдағы уақытта жаттықтырушылар мен өңірлік федерация өкілдеріне спорттық этика және спортшылардың құқықтарын қорғау тақырыбында міндетті семинарлар өткізілмек. Федерация спорттағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік танытатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0