27.10.2026, 14:30

«BI Group» салғырттығы ма: Тұрғындардың мүлкі суға кетіп жатса да, сервис бес күн бойы үнсіз отыр

Фото: видео скриншот

Алматыда көпқабатты үйдің қоймасын бес күн бойы су басып жатқанын біле тұра, «BI Service» компаниясы бұл мәселені шешуге асығар емес, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сантехниктердің айтуынша, бұл жағдайға жұмысшылардың абайсызда ағызу клапанын ашып кетуі себеп болған. Ең сорақысы, апат туралы бес күн бұрын белгілі болса да, жауапты компания тарапынан ешқандай шара қолданылмаған. Салдарынан тұрғынның заттары ісіп, сасық су мен ылғалдың ішінде қалып қойған. Қызмет көрсетуші компания болса мәселені дереу шешудің орнына, ертеңге кездесу ұсынып, уақыт созумен әуре.

Халықтың ақшасына салынған баспананың қауіпсіздігі мен сервистің бұлайша салқыңқандылық танытуы жұрттың ашуын тудырып отыр.