27.10.2026, 10:10

Атыраудағы қараусыз қалған ұңғыма халықты қашанға дейін үрейде ұстайды?

Фото: Видео скриншот

Жарты ғасырдан бері жер астында сайрап жатқан «бомбаның» түбі немен бітетінін ешкім нақты айта алмай отыр.

 

Атырауда Таңдай ауылының түбінде 1965 жылы бұрғыланған K-30J апатты ұңғымасы әлі күнге дейін қауіп төндіріп тұр, бірақ жауаптылар тек «зерттейміз» деп уақыт ұтып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл қауіпті нысанды 2013–2015 жылдары қалайда жоямыз деп талпынғанымен, іс аяқсыз қалған еді.

Желіде видео тарап, жұрт шу көтерген соң ғана «TUMAR I-Energy» ЖШС бұл ұңғыманың құжаты түгілі, техникалық жағдайы да жұмбақ екенін мойындады.

Қазір төңірегін жай ғана қоршап қойып, енді алты айға созылатын мониторинг пен зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Жарты ғасырдан бері жер астында сайрап жатқан «бомбаның» түбі немен бітетінін ешкім нақты айта алмай отыр.

Халықтың «бұл немқұрайлылық па, әлде салғырттық па?» деген орынды ашуы әлеуметтік желіде күн санап өршіп барады.  Дереккөз: @atyrau_today_news 

Тегтер: Атырауоблысы