Бұл туралы полиция мәлімдеді.
Қызылордада 20 жастағы жігіттің қазасына байланысты үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы полиция мәлімдеді.
Марқұмның әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиға 8 қазанда дәмхана маңында болған. Оның сөзінше, інісіне шамамен 12 адам жабылып, соққыға жыққан. Сондай-ақ жігіттің жүрек тұсына үш рет пышақ сұғылған.
Марқұмның туыстары оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы заң алдында жауап беріп, істің әділ тергелуін талап етіп отыр.
Полицияның хабарлауынша, қазір оқиға орнындағы бейнежазбалар зерттеліп жатыр. Сонымен қатар жанжалға қатысы болуы мүмкін өзге адамдардың әрекеттеріне де құқықтық баға беріледі.