23.10.2026, 15:00

«Үлкен қуаныш»: Ресейде соғыс аймағына тап болған 12 жігіт елге оралды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Заңгер бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті.

Ресейге жұмыс істеуге барып, кейін мәжбүрлі түрде соғыс аймағына тап болған 12 қазақ баласы елге оралды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Заңгер бұл жаңалықты Instagram парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, елге жеткізілген балалардың барлығы отбасымен қауышқан.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көңіл толқығанда не айтарыңды да білмей қалады екенсің. Бұл – жай ғана қайту емес. Бұл – ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, балалардың Қазақстанға оралуы. Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Заңгердің мәліметінше, соғыс аймағында әлі де қалған қазақ балаларын елге қайтару үшін келіссөздер жалғасып жатыр.

Қазір олардың да аман-есен Қазақстанға оралуына мүмкіндік жасау бағытында жұмыс жүргізілуде.