23.10.2026, 08:50

Алматыдағы «SMALL» супермаркетінде дайын тамақтың жанында тарақан жорғалап жүр

Фото: Видео скриншот

Желі қолданушысы әлеуметтік желіде дайын тағамдар мен пицца сатылатын сөренің жанында еркін жорғалап жүрген тарақанды таспаға тартып алған. 

Алматы қаласындағы Жібек Жолы, 50 мекенжайында, Жасыл базардың жанында орналасқан «SMALL» супермаркетінде антисанитария жағдайы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желі қолданушысы әлеуметтік желіде дайын тағамдар мен пицца сатылатын сөренің жанында еркін жорғалап жүрген тарақанды таспаға тартып алған. Ол дүкеннің ресми парақшасын белгілеп, санитарлық талаптардың сақталуы төңірегінде орынды сұрақ қойды.

Желідегі басқа тұтынушылар да аталған супермаркетке қатысты наразылықтарын білдіріп, өнімдердің үстінде жүрген жәндіктердің фотоларымен бөлісті.

Көпшілік бұл көріністен кейін аталған орталықтан мүлде дайын тамақ сатып алмайтындарын кесіп айтты.

Әзірге сауда желісінің өкілдері тұтынушылардың бұл шағымына қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.  Дереккөз: ⁠⁠anelyaakshalova⁠