Жалпы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылған.
Алматыда Республикалдық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары үйге шығарылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған РФММ оқушылары емдеу курсынан өткеннен кейін үйлеріне шығарылған. Жалпы 12 қазаннан бастап стационарға 58 бала жатқызылған.
— Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, хаттамаларға сәйкес емдеу шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан балалардың барлығы емханадан шығарылды, — деп хабарлады басқармадан.