Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударушыларға арнап салынған үйлерге ешкім көшіп үлгермей жатып, оларды бұза бастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы Қадыралина көшесінде бірнеше жыл бұрын тұрғызылған баспаналар кейін апатты деп танылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оңтүстік өңірлерден көшіп келген азаматтардың кейбіріне баспана берілгенімен, олар бұл үйлерге қоныстанбаған. Ал тұрғын үй сұрап жүгінген жергілікті азаматтар да баспанасыз қалғанын айтып отыр. Қазір жарамсыз деп танылған ғимараттар сүріліп жатыр, ал тұрғындар құрылысқа жұмсалған қаржы мен сапасыз жұмысқа кім жауап беретінін білгісі келеді.
Жұрт үйлердің неге пайдалануға берілмегенін және оларды салуға кеткен қаражаттың тағдырын анықтауды талап етеді.