22.10.2026, 09:00

Алматыда екі күн бұрын егілген ағаштар құлап жатыр: абаттандыру жұмыстары сынға қалды

Фото: видео скриншот

Алматыда көгалдандыру жұмыстарының сапасына қатысты тұрғындар наразылық білдірді. Әлеуметтік желіде тараған видеода екі күн бұрын ғана егілген ағаштардың құлап жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңадан отырғызылған көшеттердің бірі жерге құлап, тіреуіштері де қисайып қалған. Бейнежазба авторы бұған дейін төселген тротуар плиткаларына қатысты мәселе болғанын, енді ағаштардың құлап жатқанын айтып шағымданды. Екі күнге жетпей құлаған көшеттер олардың қаншалықты сапалы отырғызылғанына және атқарылған жұмыстың қалай қабылданғанына қатысты сұрақ туғызады.

Алматы әкімдігі жаңадан егілген ағаштардың не себепті құлағанын және оларды қайта қалпына келтіруге кім жауап беретінін әзірге түсіндірген жоқ.