$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

Демалыс күндері елімізде күн райы күрт бұзылады

Елдің барлық өңірінде тұман түседі. Шығыста көктайғақ болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

17-19 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы -1…-7 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жауын-шашын мен тұман

Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауса, батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды.

Елдің барлық өңірінде тұман түседі. Шығыста көктайғақ болады.

Өңірлердегі ауа температурасы

Батыста күндіз ауа температурасы +18…+25 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік-батыста түнгі температура 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +13…+18 градустан +15…+20 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +6…+12 градустан +12…+17 градусқа дейін жылынады.

Орталық өңірлерде күндіз +10…+20 градус жылы.

Шығыста түнгі температура 0…+5 градустан -1…-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +3…+12 градус шамасында болады. Таулы аймақтарда күндіз ауа температурасы -2 градусқа жуықтайды.

Оңтүстікте түнде +2…+7 градус, күндіз +18…+25 градус.

Оңтүстік-шығыста күндіз ауа температурасы +10…+18 градусқа жетеді. Таулы аймақтарда +3…+8 градус шамасында болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0