Еңбек инспекциясы комиссия құрып, тексеруді бастады.
Екі теміржолшы да қазір Шалқар аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Еңбек инспекциясы комиссия құрып, тексеруді бастады.
Оқиға Ақтөбе облысы Шалқар қаласында болды. Жәбірленушінің қызы Алмагүл Қасымованың айтуынша, қазір әкесінің жағдайы ауыр. Ол денесінің 80 пайызын күйік шалғанын айтты.
— Тыныс алу жолдары да зақымданған. Қазіргі уақытта әкемнің жағдайы өте ауыр. Біз бұл оқиғаның жай ғана ұмытылып кеткенін қаламаймыз. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты, әділ әрі ашық тексеріліп, жауапты тұлғалардың әрекетіне заң аясында баға берілуін талап етеміз, — деп жазды Алмагүл Қасымова.