Оқиға 12 қазанда қалалық мектептердің бірінде болғаны анықталды.
Павлодарда оқушылар белгісіз таблетка кесірінен өздерін жайсыз сезінген. Төрт бала уланып, оның үшеуі ауруханаға жүгінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 12 қазанда қалалық мектептердің бірінде болғаны анықталды.
"Оқу кабинетінен өткір иісі бар таблеткалар табылды. Сабақтан кейін төрт оқушының мазасы қашқан. Тексеру нәтижесі бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды", - деді Павлодар қалалық білім бөліміндегілер.
Ведомство мәліметінше, мектеп әкімшілігі ішкі тексеріс жүргізді. Оның нәтижесі бойынша жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қолданылды.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы 12 қазанда Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2014 және 2015 жылғы үш бала улану белгілерімен жүгінгенін нақтылады. Кезекші дәрігер қарағаннан кейін оқушылар амбулаториялық бақылауға жіберілді.