Әлеуметтік желіде тараған видеодан терезе жақтауынан су кіріп, еденге жиналғанын көруге болады.
Астанадағы «Sardar Group» компаниясы салған тұрғын үй кешенінің тұрғындары құрылыс сапасына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қалдаяқов көшесі, 60Б мекенжайындағы «Сардар компас» тұрғын үй кешені былтыр ғана пайдалануға берілгенімен, тұрғындардың айтуынша, терезеден жаңбыр суы өтіп, пәтер ішіне ағып жатыр.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан терезе жақтауынан су кіріп, еденге жиналғанын көруге болады. Шағымданған тұрғын үй басқармасына бірнеше рет жүгінгенімен, мәселесі шешілмегенін айтып, нысанның қандай тексеруден кейін пайдалануға берілгеніне күмән келтірді.
Ал «Sardar Group» компаниясы желіде шағым жарияланғаннан кейін жағдайдан хабардар болып, мамандары тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Енді тұрғындар құрылыстағы кемшіліктердің қашан жойылатынын және үй сапасына кім жауап беретінін білгісі келеді. Видео: astana.zhaloby