$ 448.94 € 502.05 ₽ 5.26

Air Astana Қазақстаннан Оманға жаңа рейстер ашады

Әуе кемелері бұл бағытта аптасына бір рет, жұма күндері қатынайды. 

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Оманның Салала қаласына тұрақты рейстерді іске қосады. Жаңа бағыттар бойынша ұшулар 23 және 24 қазанда басталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Алматы – Салала бағыты бойынша алғашқы рейс 23 қазанда орындалады. Әуе кемелері бұл бағытта аптасына бір рет, жұма күндері қатынайды.

Ал Астана – Салала бағыты бойынша рейстер 24 қазаннан бастап сенбі күндері жүзеге асырылады. Екі бағытта да Airbus A320 ұшақтары пайдаланылады.

Қазіргі уақытта Оманға Алматы – Маскат бағыты бойынша Salam Air әуе компаниясы рейстер орындайды.

Министрлік жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, іскерлік және туристік сапарлардың дамуына ықпал етеді деп күтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0