Алматымен іргелес жатқан елді мекенде жаяу жүргіншілерге қашан қолайлы жағдай жасалатыны әзірге белгісіз.
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолының жоқтығына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан адамдардың көлік жолының бойындағы топырақпен жүруге мәжбүр екенін көруге болады. Тұрғындардың айтуынша, жазда бұл жерден шаң көтерілсе, күз бен көктемде жаңбырдан кейін аяқ алып жүру қиындайды. Жол жиегі тегістелмеген, айналада тас пен топырақ шашылып жатыр.
Алматымен іргелес жатқан елді мекенде жаяу жүргіншілерге қашан қолайлы жағдай жасалатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселеге жергілікті әкімдік назар аударып, тротуар салу мәселесін қашан шешеді?