$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

«Соғыс аймағындағы 14 қазақстандық қайтарылды»: СІМ шұғыл мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

Фото: СІМ
Фото: СІМ

Әлеуметтік желілерде 14 Қазақстан азаматы бүгін қақтығыс аумағынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне жеткізіледі деген расталмаған мәлімет тарап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

"Бұл тақырыптың қоғам үшін, әсіресе азаматтарымыздың туған-туыстары үшін қаншалықты маңызды екенін толықтай түсінеміз. Сондықтан тексерілмеген мәліметтерді таратуға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Мұндай ақпарат жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырады, негізсіз үміт тудырады әрі азаматтарды қорғау жөніндегі Министрліктің жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Министрлік Ресей тарапымен түрлі деңгейде жұмысын жалғастырып келеді. Мәселе тұрақты бақылауда. Бұл жұмыстың нәтижелері туралы СІМ қосымша хабарлайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0