Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
8-9 қазан күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазаға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сапар аясында Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.