28.09.2026, 10:20

Каспийге барған екі сарбаз аман: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Фото: Ulysmedia.kz

Бүгін Қорғаныс министрлігі аты-жөні аталған екі әскери қызметші – матрос Ахметов пен Мағауияға қатысты түсініктеме берді.  

Каспийде сарбаздардың қаза тапқаны туралы ақпарат тараған кезде оқу-жаттығуға 19 әскери қызметшінің аттанғаны айтылған еді. Кейін Қорғаныс министрлігі теңізге 19 емес, 17 сарбаздың шыққанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыдан кейін бірнеше күн бойы оқу-жаттығуға аттанған екі сарбаздың туыстары әлеуметтік желіде олардың тағдырына алаңдап, жазбалар жариялады.

Бүгін Қорғаныс министрлігі аты-жөні аталған екі әскери қызметші – матрос Ахметов пен Мағауияға қатысты түсініктеме берді. 

Министрліктің мәліметінше, Ахметов пен Мағауия Каспийдегі оқу-жаттығуға барған. Алайда олар теңізге түспей, жағалауда оқу міндеттерін орындаған.

«Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов пен Мағауия туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты мынаны хабарлаймыз: әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады. Ахметов пен Мағауия теңізде емес, жағада оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды. Қазір олар әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.