25.09.2026, 12:15

Жолдың 100 метрін жөндемей кеткен: Ақтөбеде тұрғындар наразы

Фото: Видео скриншот

Екі апта бұрын көшедегі ескі асфальт алынып, кейін жаңа жол төселгенімен, шамамен 100 метр бөлігі сол күйі жөндеусіз қалған. 

Ақтөбе қаласындағы Бурабай көшесінің тұрғындары аяқталмай қалған жол жөндеу жұмысына наразы.

Екі апта бұрын көшедегі ескі асфальт алынып, кейін жаңа жол төселгенімен, шамамен 100 метр бөлігі сол күйі жөндеусіз қалған.

Тұрғындардың айтуынша, бұл учаскеде шұңқыр көбейіп, көлікпен жүру қиындаған. Жомарт Едірішев мәселені бірнеше рет көтеріп, көшенің толық жөнделуін талап етіп жүргенін айтады.

Жергілікті редакция әкімдікке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына және бірнеше мердігер ұйымға хабарласқанымен, аталған учаскеде нақты қай компания жұмыс істегенін анықтай алмағанын жазды. Сондықтан Бурабай көшесіндегі қалған 100 метр жолдың қашан жөнделетіні әзірге белгісіз.