25.09.2026, 12:20

Қаза болған сарбаздардың отбасыларына көмек көрсету үшін бірыңғай қор белгіленді

Фото: Lada.kz

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі мәлім етті. 

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинаудың бірыңғай ресми тетігі белгіленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге жинаған.

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі мәлім етті. 

Маңғыстау облысында әскери міндеттерін орындау кезінде Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында бірыңғай оператор ретінде облыс әкімдігі айқындаған ұйым белгіленді.

Облыс әкімдігіне қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсеткісі келетін азаматтардан, бизнес өкілдері мен ұйымдардан өтініштер түсуде. Осыған байланысты аталған процесті жүйелеп, көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында осындай шешім қабылданды.

Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы қатаң түрде нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жинады.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі азаматтарды қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауға шақырады.

Қордың ресми реквизиттері:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі

БСН: 090140013447 Банк: «Alatau City Bank» АҚ БСК: TSESKZKA ЖСК: KZ03998PTB0000488655 Валюта: KZT