22.09.2026, 11:10

«Ұйқы бермей жатыр»: Бектенов түнде жұрттың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдануды тапсырды

Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығаратын мотоциклдер мен автокөліктер мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Үкімет басшысы мұндай көліктер тұрғындардың тыныштығын бұзып, ұйықтауына кедергі келтіретінін айтты. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты қатаң шара қолдану тапсырылды. Бұған дейін де Үкімет жолдағы тәртіпті күшейтіп, жүргізушілердің ережені камера бар жерде ғана емес, үнемі сақтау қажеттігін атап өткен.