$ 444.58  510.29  5.27

«Хиджабты енді орамал деп өзгертіп алған»: Айтыскер ақын Сара Тоқтамысованың басы дауға қалды

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамасываның басы дауға қалды. Ол желіге орамалды қыздар туралы жазба қалдырып, елдің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Орамалын тағып-ақ білім алуға да, спортта топ жаруға да, елдің мерейін асыруға да болады. Мына көріністің өзі көп нәрсені айтып тұрғандай…Басында орамалы, кеудесінде Қазақстанның Туы. Ал алдында — Мемлекет басшысы.

Президентіміздің қазақтың орамалды қызының жетістігін құрметпен бағалап, марапатын табыстап тұрғаны — қандай жарасымды көрініс. Орамал — қабілетке кедергі емес. Орамал — білімге кедергі емес. Орамал — елге қызмет етуге кедергі емес.

Біздің қыздарымыздың басындағы орамалынан бұрын, басындағы біліміне, жүрегіндегі отансүйгіштігіне, тәрбиесіне, таланты мен еңбегіне қарасақ екен. Осындай сәттер көбейе берсін. Қазақтың ибалы да білімді, қайсар да талантты арулары биіктен көріне берсін!», — деп жазды ол. 

Десе де, оның бұл жазбасы көптің жаппай сынына ұшырады.

Айта кетейік, бұған дейін тойда әйел адамдарды ұрғашыға теңеп, балағат сөз айтқан ер адам жауапкершілікке тартылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 0