Нысандар орнатылғанымен, жолаушылар әзірге оларды пайдалана алмай отыр.
Шығыс Қазақстан облысында жол бойына орнатылған жаңа дәретханалар әлі күнге дейін пайдалануға берілмегені айтылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Тайнты маңындағы жаңа санитарлық кабиналардың есігі жабық тұрғаны көрінеді. Жергілікті парақшаның мәліметінше, нысандар орнатылғанымен, жолаушылар әзірге оларды пайдалана алмай отыр.
Бұл мәселе өңірде бұған дейін де көтерілген: 2025 жылдың соңындағы дерек бойынша ШҚО-да 34 санитарлық-гигиеналық нысан жұмыс істеп, тағы сегізі пайдалануға беру сатысында болған.
Жол бойындағы дәретханалардың қолжетімділігі ел көлемінде де өзекті: 2026 жылдың басынан бері олардың жағдайына қатысты 186 шағым түскен.
Енді тұрғындар Тайнтыдағы дайын тұрған дәретханалардың нақты қашан ашылатынын сұрап отыр.
Видео: @ilove_uka2