Бұл туралы желіде тұрғындар жазды.
Астанада қыз баланың үстіне қаңылтыр құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Нұра ауданында құрылыс нысаны маңында қыз баланың үстіне қаңылтыр құлап, ол жарақат алған. Бұл туралы желіде тұрғындар жазды.
Полицияның мәліметінше, балаға медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Құрылыс аумағын тиісті деңгейде ұстамағаны үшін учаске бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.