$ 450.91  522.69  5.33

«Жастардан қалыспайды»: ШҚО-да 70 жастағы әже 30 келілік қойды 40 рет көтерді (ВИДЕО)

Жалпы фестивальдің спорттық жарыстарына екі мыңнан астам адам қатысқан.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Шығыс Қазақстан облысының Қасым Қайсенов кентінде өткен Nomad Alemi фестивалінде 70 жастағы зейнеткер ерекше өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол салмағы 30 келі болатын қой макетін 40 рет көтеріп, отырып-тұрған.

Заманауи көшпенділердің мәдениетін дәріптейтін фестивальдің спорттық бағдарламасында қатысушылар алты түрлі сайыста бақ сынаған. Олардың қатарында арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, қой макетін көтеру, белбеу күресі және асық ату болды.

Ұлттық ойындарға негізделген жарыстарға түрлі жастағы тұрғындар қатысып, фестиваль алаңын нағыз спорт додасына айналдырған. Балалар мен жастардан бөлек, егде жастағы тұрғындар да белсенділік танытқан.

Әсіресе 30 келілік қой макетін көтеріп отырып-тұру сайысы көрермендердің қызығушылығын тудырған. Қатысушылар үшін физикалық тұрғыдан күрделі болған бұл сынақта жас ерекшелігіне қарамастан тұрғындар өз күшін сынаған.

Сайыста 70 жастағы зейнеткер апа ерекше көзге түсті. Ол 30 келілік макетті 40 рет көтеріп, көрермендерді де, өзге қатысушыларды да таңғалдырды.

Жалпы фестивальдің спорттық жарыстарына екі мыңнан астам адам қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0