$ 450.91  522.69  5.33

«Бірінші әке-шешем жейді!»: Тойда күйеу жігіт тортты лақтырып жіберді (ВИДЕО)

"Мені дүниеге әкелген ата-анам жейді".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желіде тойда түсірілген видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрда асаба күйеу жігіттен торттың алғашқы бөлігін кім жейтінін сұрайды.

 «Мені дүниеге әкелген ата-анам жейді», — деп жауап береді күйеу жігіт.

Осы кезде қалыңдық оның жауабына көңілі толмағандай, бірдеңе айта бастайды.

Бұған ашуланған күйеу жігіт кенет тортты лақтырып жібереді. Видео желі қолданушыларын екіге бөлді.

Бірі мұны тойдағы шынайы жанжал деп қабылдаса, енді бірі пранк болуы мүмкін деп күмәнданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0