$ 450.79  524.13  5.31

Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт аумағы ұлғайды

Әлеуметтік желіде өрттің бейнежазбалары тарады. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Петропавл маңында тұтанған өртті сөндіру үшін Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен техникасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде өрттің бейнежазбалары тарады. 

Видеодан өрттің үлкен аумаққа жайылғанын көруге болады. 

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының арғы жағында, Шаховское ауылының маңында басталған. 

— Құрғақ өсімдік өртеніп жатыр. Оқиға орнына қазір департаменттің күштері мен құралдары жұмылдырылған. Жағдай бақылауда, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бүгін өңірде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрды. Бұл да жалынның жайылуына әсер етті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0