$ 454.46  527.72  5.25

Көкшетауда 19 жастағы жұмысшы биіктен құлап қаза тапты

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Фото: Sputnik / Максим Блинов
Фото: Sputnik / Максим Блинов

Көкшетауда құрылыс нысандарының бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 8 қыркүйекте болған. Құрылыс жұмыстары кезінде 19 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Ақмола облысы Полиция департаменті жас жігіттің қаза болғанын растады. Полиция мәліметінше, марқұм 2007 жылы туған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0