$ 454.46  527.72  5.25

Танымал блогер Арай Шымкент бокс федерациясының медиа директоры болып тағайындалды

Федерация өкілдері блогерді жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com

Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жаңа қызметінде Арайлым Жиенбаева Шымкенттегі бокс спортын ақпараттық тұрғыдан насихаттап, федерацияның медиа бағытын дамытуға жауап береді.

Федерация өкілдері блогерді жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

«Арайлым Бақытжанқызының бұл қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында нәтижелі жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз», – делінген федерацияның ресми хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0