$ 454.31  528.04  5.25

Ақмола облысында қайғылы жол апаты: 8 жастағы қыз қаза тапты

Ақмола облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

7 қыркүйек кешкісін Ақмола облысының Макинск қаласында жол-көлік оқиғасы болып, 2018 жылы туған қыз бала қаза тапты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат шамамен сағат 18:00-де Мәскеу көшесінде болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Mercedes көлігі қыз баланы қағып кеткен.

Ақмола облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

«Mercedes көлігін басқарған жүргізуші жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп хабарлады ведомство.

Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауға және жолда барынша сақ болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0