Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Астана–Қарағанды–Алматы автожолының 51-шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға туралы 7 қыркүйекте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлап, жол апаты болған жерден түсірілген видеоны жариялады.
Кадрлардан Астана бағытында келе жатқан Mercedes көлігінің басып озу кезінде «Газельмен» соқтығысқаны көрінеді. Соққыдан кейін «Газель» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі орға аударылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Мамандар жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және басып озу кезінде жол жағдайын мұқият бағалауға шақырды.