Әзірге видеода айтылған шағымдарға қатысты BI Group өкілдерінің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.
Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы, 9/5 мекенжайында орналасқан Premiera тұрғын үй кешенінің тұрғындары BI Group салған үйдің құрылыс сапасына шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың сөзінше, ғимаратты жылылау жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және құрылыс кезінде технологиялық талаптар сақталмаған болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде тараған видеода қабырға ішіндегі жылу оқшаулағыш материалдар мен құрылыс жұмыстарының қазіргі күйі көрсетілген.
Тұрғындар бизнес-класс ретінде ұсынылған үйдегі мұндай жағдайдың мәлімделген сапаға қаншалықты сай келетініне күмән келтіріп отыр. Олар BI Group-тан мәселені назардан тыс қалдырмай, құрылыс сапасын тексеріп, анықталған кемшіліктер болса, оларды жоюды талап етеді.
Әзірге видеода айтылған шағымдарға қатысты BI Group өкілдерінің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.