19.08.2026, 11:40

Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап, қаза тапты

Фото: Pixabay

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қостанай облысының Лисаковск қаласында қайғылы жағдай болды. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлаған 71 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға 16 тамызда қаланың 4-шағын ауданында болған. Әйелдің қаза болғанын Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр және бақылауда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, – деді полиция өкілдері.

Тегтер: әже Қостанай