Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, тәртіп сақшылары жасөспірімдерді байқап, оқиға орнына барған.
Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында мас күйдегі жасөспірімдердің бірнеше қызды тоғайға алып кетпек болғаны хабарланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, тәртіп сақшылары жасөспірімдерді байқап, оқиға орнына барған. Полицияны көрген балалар жан-жаққа қаша жөнелгенімен, көп ұзамай барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Тексеру барысында олардың басқа елді мекендерден келгені және Талапкердегі құрдас қыздармен танысып, кездесуді атап өтпек болғаны анықталған.
Оқиғадан кейін жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.