19.08.2026, 10:00

Меркіде «барни үшін» көз жұмған Мадинаның мүддесін Инга Иманбай қорғайды

Фото: threads.com

"Енді бұл істі ақпараттық та, заңгерлік те тұрғыдан соңына дейін алып барамыз".

Бір шоколад үшін жұбайынан күш көріп, кейін өзіне қол жұмсады деген ақпарат тараған Мадинаның ісін белгілі адвокат Инга Иманбай қорғайтын болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің айтуынша, Мадинаның анасы істі өз бақылауына алуды сұраған. Осыдан кейін адвокат Жан Ахмадиевпен бірге істі жүргізуге кіріскен.

«Мадина үшін әділдік! Мадинаның өліміне қатысты істі анасының өтінішімен Жан Ахмадиев екеуміздің командамыз қолға алды. Енді бұл істі ақпараттық та, заңгерлік те тұрғыдан соңына дейін алып барамыз. Мадинаның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып, әділ құқықтық баға берілуі үшін бар күшімізді саламыз», — деп жазды Инга Иманбай.

Адвокат сонымен қатар істің қоғам назарынан тыс қалмауы маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, шындыққа құқықтық баға берілуі үшін қоғамның да үн қосқаны қажет.