18.08.2026, 11:00

Астанада жасөспірім қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

Фото: видеодан скрин

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. 

Астанада кәмелетке толмаған қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. 

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, қыз сол маңнан өтіп бара жатқан курьердің мотобайкіне құлаған. Алайда алған ауыр жарақаттарының салдарынан жасөспірім оқиға орнында қаза тапқан.

Оқиғаға қатысты Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Қазір құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себептері мен өзге де мән-жайларын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.