18.08.2026, 09:50

Семейде кәріз жарылды ма? Тұрғындар жер астынан шыққан суға шағымданды

Фото: Видео скриншот

Мәселе Восточный ауданындағы Железняков көшесінің 3-желісінде тіркелген.

Абай облысының Семей қаласында тұрғындар ықтимал кәріз ақауына байланысты коммуналдық қызметтерге шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мәселе Восточный ауданындағы Железняков көшесінің 3-желісінде тіркелген. Желіде тараған видеодан жер астынан су шығып, маңайға жайылып жатқанын көруге болады. Тұрғындар бұған кәріз жүйесіндегі ақау немесе септиктің толып, істен шығуы себеп болуы мүмкін деп отыр. Олар жауапты коммуналдық қызметтерден оқиға орнына барып, судың нақты қайдан шығып жатқанын анықтап, мәселені шешуді сұрады.

Әзірге әкімдік немесе коммуналдық мекемелер тарапынан ресми түсініктеме жарияланғаны туралы ақпарат жоқ.