17.08.2026, 14:50

Бақытжан Базарбек адам қағып кеткенін растады

Фото: mazhilis.parlam.kz

Қазір қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасына қатысты түрлі болжамдарға жауап берген азамат тергеу құпиясына байланысты оқиғаның мән-жайын жариялай алмайтынын айтты. Оның сөзінше, өзі және жұбайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат берген.

Қазір қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтың жағдайына алаңдап, жақындарына қолдау көрсетіп жатқанын айтып, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының мамандарына алғыс білдірді.