16.08.2026, 17:30

18 жастағы жігіттің өлімі: екі адам ұзақ мерзімге сотталды

Фото: polisia.kz

Жас жігіттің миына қан құйылып, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Іс материалдарына сәйкес, 26 желтоқсаннан 27-сіне қараған түні BXB түнгі клубының маңында басталған жанжал төбелеске ұласқан. Оқиға кезінде 18 жастағы Әди Шүкеев ауыр жарақат алып, кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жас жігіттің миына қан құйылып, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Сот істі қарап, Медет Әбдіраш пен Әділхан Аяпбергенді кінәлі деп таныды. Сот үкімімен Әбдіраш 9 жылға, ал Аяпберген 8 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды. Сотталғандардан моральдық зиян ретінде 10 млн теңге, материалдық шығын ретінде 1,9 млн теңгеден астам қаржы және өкілдік қызметтерге кеткен шығын үшін тағы 2 млн теңге өндірілетін болды.

Айта кетейік, сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қорғаушы тарап шешіммен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым түсіруге құқылы.