10.08.2026, 15:20

ШҚО-да жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

Фото: qazaly.kz

Қайғылы оқиға Тарғын ауылының маңындағы жол учаскесінде болған.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға Тарғын ауылының маңындағы жол учаскесінде болған. Аталған аумақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.

Куәгерлердің мәліметінше, көз жұмған азамат жол техникасын басқарған жүргізуші болған. Полиция ер адамның қаза болғанын растады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша, яғни тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.