10.08.2026, 12:00

Атбасарда әйел адам көршісін пышақтап өлтіріп, пәтеріне қамап кеткен

Фото: freepik

Алдын ала ақпарат бойынша, әйел адам көршісінің ішіне бірнеше пышақ сұғып алған.

Атбасарда 58 жастағы әйел пышақ жарақаттарымен өз пәтерінен ес-түссіз күйде табылды. Полиция қызметкерлері үйге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша, әйел адам көршісінің ішіне бірнеше пышақ сұғып алған. Оқиғадан кейін есікті сыртынан құлыптап, пышағын өзімен бірге алып кеткен деген болжам бар.

Ақмола облысының Полиция департаменті агенттік тілшісіне оқиғаның мән-жайы туралы түсіндіріп өтті.

«Осы оқиға бойынша адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.