$ 469.85  542.16  5.78

Ұлын құтқармақ болған әйел баласымен бірге терезеден құлап, көз жұмды

Оқиға салдарынан анасы мен баласы оқиға орнында көз жұмған.

Фото: РЕН ТВ
Фото: РЕН ТВ

Мәскеу облысының Раменское қаласында үш жасар бала ойнап жүріп, терезе алдына шығып алған соң тепе-теңдігін жоғалтып алған. Баланың анасы айқайлаған дауысты естіп, ұлын құтқаруға ұмтылған. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, ол да баласымен бірге құлап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан анасы мен баласы оқиға орнында көз жұмған.

Басылым мәліметінше, отбасы бұл пәтерді шамамен бір жыл бойы жалдап тұрған. Көршілері оларды сабырлы әрі үлгілі отбасы ретінде сипаттаған.

Марқұм әйел сторисмейкер болып жұмыс істеген, ал жұбайы такси қызметімен қосымша табыс тапқан. Ер адам қайғылы оқиға туралы кейінірек білген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0