$ 471.98  543.39  5.82

Алматыда бес жігіт екі адамды аяусыз соққыға жыққан

Шабуылдаушылар оларды ұрып, тепкінің астына алған, ал соққылардың бірінен кейін зардап шегушілердің бірі есінен танып қалған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыда тұрғын үй кешендері бірінің ауласында бес ер адам жаппай төбелес шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбадан бірнеше жас жігіттің жерде жатқан екі адамды аяусыз соққыға жығып жатқанын көруге болады. Шабуылдаушылар оларды ұрып, тепкінің астына алған, ал соққылардың бірінен кейін зардап шегушілердің бірі есінен танып қалған.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 4 тамыз күні түнгі сағат 03:50 шамасында Түрксіб ауданындағы «Теремки» тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Бір-бірімен таныс бес ер адам өзара сөзге келіп қалып, соңы жанжалға ұласқан. Түнгі уақытта қатты дауыстап, былапыт сөздер айтқан олар маңайдағы тұрғындардың мазасын алған.

«Тексеру барысында оқиғаға қатысқан барлық азаматтың жеке басы толық анықталды. Олардың екеуіне қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, бес азаматтың барлығына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша материалдар жинақталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», - деп хабарлады ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0