$ 471.98  543.39  5.82

Алматы тауларында үстіне тас құлаған турист ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Талғар шатқалында үстіне тас құлаған туристі құтқарушылар аман алып қалып, ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Оқиға туралы хабар түскен бойда Алматы тауларындағы Талғар шатқалына құтқарушылар жедел аттанған. Олар оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайының ауыр екенін анықтады.

Өздігінен қозғала алмайтын турист арнайы құралдардың көмегімен күрделі таулы соқпақтар арқылы Кіші Талғар асуына дейін жеткізілді. Эвакуация барысында құтқарушыларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қолдау көрсетіп, бірлескен күшпен зардап шегуші «Шымбұлақ» тау курортына жеткізілді.

Одан кейін турист жедел түрде қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауына берілді.

Айта кетейік, бұған дейін де Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қаражал қаласындағы науқас баланы санитарлық авиация тікұшағымен Қарағандыға жеткізген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0