$ 474.63  544.5  5.92

Қарағанды облысының кеншілері мен металлургтері «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын қолдады

«Qarmet» компаниясының бас директоры Вадим Басиннің айтуынша, өндіріс қызметкерлері, инженерлер мен шахтерлер сайлауалды бағдарламаға сайлау науқаны басталмай тұрып-ақ ұсыныс-пікірлерін айтқан. 

Фото: дереккөз
Фото: дереккөз

Партия төрағасы Айбек Дәдебай мен депутаттыққа кандидаттар 700 метр тереңдікке түсіп, кеншілермен кездесті. Осы кездесуде Костенко атындағы шахта жұмысшылары мен «Qarmet» компаниясының өкілдері «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасымен танысып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Партия өкілдері бұндай тереңдіктегі шахтаға бірінші рет түскен. «Әділет» партиясы сайлауалды штабының мәліметінше, бұл сапардың басты мақсаты – бағдарламаны таныстыру ғана емес, шахтерлердің күнделікті еңбек жағдайын өз көздерімен көріп, олардың ұсыныстарына құлақ түру және тілдесу. 

«Бұл жұмыстың қаншалықты ауыр екенін көп еститін едік. Дегенмен, бәрін өз көзімізбен көріп, олардың қандай жағдайда жұмыс істейтінін сезініп, ең бастысы, халықпен жүздесіп, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдауды жөн көрдік», – деп атап өтті партия өкілдері.

Бағдарламаға еңбек ұжымының өкілдері де қолдау білдірді. «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев еңбек адамы мемлекеттік саясаттың орталығындаболуы тиіс екенін және бұл қағида партия бағдарламасындакөрініс тапқанын атап өтті.

«Әділет» партиясының басшылары шахтаға арнайы түсіп, еңбек жағдайын өз көздерімен көріп, жұмысшыларменашық сұхбаттасқаны біз үшін өте құнды. Еңбек адамымемлекеттік саясаттың күн тәртібінен түспеу керек жәнебұл қағида партияның сайлауалды бағдарламасында көріністапқаны қуантады», – деді ол. 

«Qarmet» компаниясының бас директоры Вадим Басиннің айтуынша, өндіріс қызметкерлері, инженерлер мен шахтерлер сайлауалды бағдарлама сайлау науқаны басталмай тұрып-ақ ұсыныс-пікірлерін айтқан. 

«Бұл өте салмақты әңгіме болған еді. Кәсіпорындар көтерген кейбір түйткілді мәселелер бағдарламада көрініс тапты. Біз үшін металлургия өнеркәсібінің қалай дамитынын және отандық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясаттың қандай болатынын түсіну өте маңызды», – деді Вадим Басин.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0