Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Талдықорғанда қалалық жағажай аумағында денесінде сырттай зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті өңір тұрғындары мен қала қонақтарына су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:
Тәртіп сақшылары азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.